Қазақстан демографиялық өзгерістердің алдында тұр

Қазақстан демографиялық өзгерістердің алдында тұр Сурет: Vlast.kz

Бұл - ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзі.


Соңғы үш жылда елімізде 1,5 миллионға жуық бала өмірге келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Бүгінгі таңда Қазақстан, Орталық Азия үлкен демографиялық өзгерістердің алдында тұр. Әлем халқының саны 8 млрд адамға жетті. Соңғы 12 жылда 7 млрд-тан 8 млрд-қа жетіп отырмыз. Бұл дүниежүзі халқының саны қарқынды өсіп жатқанын көрсетеді», - деді Саясат Нұрбек.



Министрдің айтуынша, бұл үрдіс елімізде де байқалған.



«Соңғы 3 жылда елімізде 1,5 миллионға жуық сәби дүниеге келді. Болжам бойынша осы жылдың қорытындысы бойынша 500 мың бала өмірге келеді деп күтілуде. 2021 жылы 456 мың бала, 2020 жылы 426 мың бала дүниеге келген. Бұл үш жыл қатарынан тіркелген демографиялық рекорд болып отыр. Соңғы рет мұндай көрсеткіш 1987 жылы тіркелген. Ол уақытта 417 мың сәби өмірге келген болатын», - деді ол.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37