Ғылымға бет бұрған әйелдер саны артып келеді

Ғылымға бет бұрған әйелдер саны артып келеді Сурет: 24.kz

Қазір оқу ісінде ғана емес, басшылық құрамда да бой көрсетіп жүрген бұрымдылар көп.


Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл елдегі гендерлік саясаттың сәтті жүзеге асып жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Дәл осы мәселе елордада өтіп жатқан Халықаралық ғылыми-конференцияда да жан-жақты талқыланып жатыр. Жиынға Чехия, Швейцария, Үндістан және АҚШ ғалымдары мен сарапшылары келді. Олар елдегі әйелдер теңдігі үшін атқарылып жатқан жұмысты жоғары бағалады. Әсіресе, президенттік кандидаттардың арасында екі әйел адам болғаны жақсы көрсеткіш дейді олар. Ресми көрсеткіштерде де серпіліс бар екені анық байқалады. Келелі кеңес екі күн бойы өтеді. Конференция қорытындысы бойынша ғылыми негізделген сараптамалық талдау әзірленеді, ол Үкімет пен әкімдіктерге жеткізілетін болады.



«Қазіргі таңда ғылыми қызметкерлердің 54% – әйелдер. Осы жылдан бастап гендерлік аспектіні қолға алып жатырмыз. Қазір әйелдердің ғылымға деген белсенділігі күшейіп келе жатыр», - дейді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. 






Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:25

19:48

19:35

18:44

18:39

17:23

17:08

16:20

16:10

15:48

15:33

15:05

14:48

14:15

13:50

12:44

12:34

12:30

12:27

12:13

12:00

11:40

11:28

11:13