Мемлекет басшысы Аманкелді Сейітханның отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Аманкелді Сейітханның отбасына көңіл айтты
Сурет: 24.kz

Белгілі спорт комментаторы, ақпарат саласының үздігі Аманкелді Сейітхан кеше, 52 жасында дүниеден озды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы белгілі журналист Аманкелді Сейітханның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Белгілі журналист, спорт комментаторы Аманкелді Сейітханның дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. Аманкелді Муатқанұлы қазақ спорт журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оның есімі ел есінде мәңгі сақталып, қазақ телевизиясының тарихына алтын әріптермен жазыларына сенімдімін. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болсын» - деп жазылған Президенттің көңіл айту жеделхатында.

Көрерменнің көңілінде «жеңісті күндерде жолыққанша» деген сөзімен жатталып қалған спорт комментаторы, қазақ телевизиясының ардагері, Аманкелді Сейітхан 52 жаста еді. Ол 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.