Жол саласының маманы Алматының көлік қаңқасын жасаудағы ойымен бөлісті

Жол саласының маманы Алматының көлік қаңқасын жасаудағы ойымен бөлісті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мегаполистегі халықтың мобилділігі  - негізгі мәселелердің бірі.

Қала жолдарының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі шараларды іске асыруға қарамастан, бұл сектордағы проблемалар әлі де толық шешілмейді. Оларды түбегейлі шешу үшін басқа да тиімді тәсілдер, жаңа көзқарастар мен серпінді жобалар қажет болды. Біздің ойымызша, көлік қаңқасының идеясы мен жобасы серпінді болып табылады. Көлік қаңқасының негізгі бөліктері LRT және BRT үшін дәліздер (магистральдық жолдар), қала шекарасындағы үш көлік торабы болып табылады. 

Бұл ретте халықтың қоғамдық көлікке қолжетімділігін айтарлықтай жақсарту, күту уақытын қысқарту, жылдамдық пен жайлылықты арттыру, жол жүру құнын төмендету жоспарлануда. Экологиялық жағдайды жақсарту да қарастырылған. Жобаны іске асыру қозғалыстың барлық қатысушыларының және бүкіл халықтың қауіпсіздігін едәуір арттыруы тиіс. 

Жобаға қолдау білдіре отырып, келіп түскен басқа да тілектермен қатар, қала билігі мен жоба авторларынан көлік ағындарының қарқындылығы мен құрамын дұрыс бағалауға және көлік қаңқасына кіретін магистральдық және жүрдек жолдарда тиісті материалдары бар жол төсемдерінің берік конструкцияларын қолдануға, сондай-ақ ауа-райының климаттық әсерін дұрыс есепке алуға ерекше назар аударуды сұраймыз.