Наурызбай ауданында мектептер мен балабақшалар қарқынды салынуда

Наурызбай ауданында мектептер мен балабақшалар қарқынды салынуда
Сурет: Inbusiness.kz

Ауданда балабақшалар мен мектептер құрылысы қарқын алуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай мектептер мен балабақшалардың құрылысы бойынша іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Аудан әкімі қазіргі уақытта "Қалқаман" шағынауданында 1 800 орындық мектептің құрылысы жүріп жатқанын, жұмыстар ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталатынын хабарлады. Мұнда 1 500 орындық мектеп салынуда, оны 2022 жылдың маусым айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, "Ақжар" шағынауданындағы № 186 мектептің жанындағы қосалқы нысанның құрылысы аяқталуда.


"Сондай-ақ "Қарғалы" шағынауданында «Зерде» жеке мектебі салынуда. Аяқталу мерзімі – 2022 жылдың 2 тоқсаны. № 7 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің құрылысы жүріп жатыр", - деді Санжар Тоғай. - Бұдан басқа, "Шұғыла" шағынауданындағы № 36 қалалық емханада модульдік КТ-орталығын орнату басталды. Ал 16 нысанда көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталды.

Наурызбай ауданының әкімі мектептер мен балабақшалардың құрылысы бойынша жоспарланған жобалар туралы да айтып берді. Оның айтуынша, "Шұғыла" шағынауданында екі мектеп салынады – Алма сити-5 ТК аумағында – 1 200 орындық, ал «Нұрлы дала» ТҮК аумағында – 1 500 орындық. Осы шағын ауданда 320 орынды балабақша құрылысы жоспарлануда.

"Құрамыс" шағынауданындағы жер учаскесінде 1 200 орындық мектеп салу жоспарланған. Қазірдің өзінде ЖСҚ-ны әзірлеу басталды. Сол шағынауданда 320 орынды балабақша бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде", - деді аудан әкімі.

"Ақжар" шағынауданында (320 орынды) және "Қалқаман" шағынауданында (240 орындық) балабақшалар салу жоспарлануда. Әкімдік сондай-ақ №15 санаторлық-мектеп интернатын қайта жаңарту және 300 орындық жатақхана салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мектеп аумағында 120 орындық балабақша құрылысы қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың II тоқсанына жоспарланған.