Сербияда түнгі клуб суға батып кетті

Сербияда түнгі клуб суға батып кетті
Сурет: 192.rs

Дебаркадерде орналасқан мұндай орындарды қадағалау органдары жіті тексермейді екен.

Белградта түнгі клуб жаңажылдық кеш кезінде суға батып кетті, деп хабарлайды  Аlmaty-akshamy.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Дебаркадерде орналасқан мұндай орындарды қадағалау органдары жіті тексермейді екен.

Клуб суға бата бастағаннан кейін келушілер сыртқа шығарылған. Эвакуация кезінде бір қыз жеңіл жарақат алды.

Куәгерлердің айтуынша, түнгі клуб орналасқан платформаның жартысы су астында қалған. Кейбір келушілер мекемеден тізеге дейін суға батып шыққан.