Алматы қаласында қарағандылық алаяқтар қолға түсті

Алматы қаласында қарағандылық алаяқтар қолға түсті
Сурет: Gazeta.ru

Тергеу кезінде 9 миллион теңге және түрлі банктің жеті төлем картасы, ұялы телефондар, флешкалар мен SIM-карталар тәркіленді.

Ұсталған алаяқтар халықты 50 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Банктің қауіпсіздік қызметі атынан халықты алдаған тағы бір алаяқтар тобы құрықталды.

Теміртаудың Старогородская полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызданған. Оған белгісіз біреулер банктің атынан екі апта бойы хабарласып, есепшоттағы ақшаны алаяқтардан сақтау қажеттігін айтқан. Жәбірленуші мобильді банкинг арқылы белгісіз шотқа 11 миллион теңге ақшасын өзі жіберген.

Алаяқтар Алматы қаласында ұсталды. Олар Қарағанды қаласының тұрғындары болып шықты. Біреуі - 31 жаста, ал екіншісі – 27-де.

«Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде бірнеше банктің төлем картасы тәркіленді. Сондай-ақ күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, бірнеше төлем картасы табылды», - дейді полицейлер.

Бұған дейін Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері банктің күзет қызметімен бірлесіп, жәбірленушіге кредит ретінде берген ақшасын ұрламақ болған бір топ алаяқты ұстаған болатын. Тергеу кезінде 9 миллион теңге және түрлі банктің жеті төлем картасы, ұялы телефондар, флешкалар мен SIM-карталар тәркіленді. Жалпы, ұсталған алаяқтар халықты 50 миллион теңгеге алдап кеткен.

Қазіргі кезде барлығы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жауапқа тартылып отыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Жалған банк қызметкерлері жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкі де тәркіленеді.