Сенбі күні ауа райы құбылмалы болады

Сенбі күні ауа райы құбылмалы болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК-сы қаңтардың 27-і күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылып тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ жауын, қар жауады (көбінесе қар) жауады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.