Мәжіліс депутаты 2070 жылға дейін Ресейге кіре алмайды

Мәжіліс депутаты 2070 жылға дейін Ресейге кіре алмайды
Сурет: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым 2070 жылға дейін Ресейге кіре алмайды.

Бұл жайында депутат телегерам каналы арқылы мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Сыртқы істер министрлігі Тина Канделакиді персона нон грата деп жариялады. Және бұл дұрыс. Оған сөз шығындаудың, пікір білдіріп немесе эмоция көрсетудің қажеті жоқ. Әрбір жан өзін құрметтеуі тиіс...

Мен өзім Ресейде 2070 жылға дейін персона нон гратамын, менде ФСБ-дан шекарадан өтсем 7 жылға дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігі туралы хабарлама бар! Беларусь үшін де солай... Не үшін екенін ешкім түсіндірмеді, деп жазды депутат телеграм каналына.