Қор нарығында доллар тағы да арзандады

Қор нарығында доллар тағы да арзандады
Сурет: Otyrar.kz

Бір доллар 449, 85 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,60 теңгеге арзандады. 1 доллар 449, 85 теңге болды. Ұлттық банктің 18 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 454,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 452, 80 теңге, сатып алу – 456 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 450, 43 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 453, 73 теңге.