Алматыда тұрғын үй кешені алаңында топырақты қадалармен сынау жұмысы аяқталды

Алматыда тұрғын үй кешені алаңында топырақты қадалармен сынау жұмысы аяқталды
Сурет: Gov.kz

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары темірбетон қадаларының көмегімен топырақтың статикалық сынақтарын аяқтады.

Жұмыстар ГОСТ 5686-2020 талаптарына сәйкес далалық сынау әдісімен жерге басу жүктемесі арқылы жүргізілді. Сынақтар алдағы уақытта көппәтерлі тұрғын үй кешені, жерасты паркингі бой көтеретін алаңда өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, ғимарат тұрғызып, құрылысты жобалау және жүргізу кезіндегі жұмыстың негізгі кезеңі, ол – іргетасын қаламас бұрын  қадалармен топырақ сынақтарын жүргізу немесе қадалардың жүк көтергіштігін нақты анықтау. Сондай-ақ жобалау құжаттамасының талаптарға сай болуын бақылау болып табылады.

Далалық зерттеулер мен сынақтар секторының меңгерушісі Жәмек Нұркен атап өткендей, топырақты сынау кезең-кезеңмен «табиғи» статикалық әдіспен жүргізілді. Жүктеме сатылары якорь арқалықтары жүйесінің көмегімен гидравликалық домкраттармен белгіленді. Жүктеме мөлшерін тіркеу, сондай-ақ қадалардың іргетастарының қозғалысын бақылау шартты тұрақтандыруды ескере отырып, бақылаудың соңғы 2 сағатында 0,1 мм мөлшерден аспайтын отыру процесінде мамандандырылған жабдықпен жүзеге асырылды. Бір қаданы басу үшін топырақты сынау ұзақтығы 28-30 сағатты құрады.

Сынақтың бұл түрі қысым жүктемелерінің әсерінен қаданың топырақтағы кедергісін анықтаудың ең сенімді әдісі болып табылады. Осылайша табиғи жағдайда топырақты сынауға мүмкіндік береді және болашақ құрылымның іргетасы ретінде қаданың нақты жұмысын мүмкіндігінше дәл модельдеуге болады. Осылайша қадалардың жүк көтергіштігін олардың статикалық сынақтарының нәтижелері бойынша бағалау әдісі жердегі жүк көтергіштігінің есептік мәні емес, дәл мәні негізінде жобалау шешімін жасауға мүмкіндік береді.