Алматыда мұз қатып, көктайғақ болады

Алматыда мұз қатып, көктайғақ болады
Cурет: Алматы әкімдігі

Түнгі уақытта ауа температурасы минус 8-10 градусқа дейін төмендейді

Алматыда ауа райының күр өзгеруіне байланысты қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Басқарма таратқан мәліметте қалада қар аралас жауын жауып, кешкі және түнгі уақытта ауа температурасының минус 8-10 градусқа дейін төмендейтіні айтылған. Сондай-ақ тұман түсіп, ауаның жоғары ылғалдылығына байланысты мұз қатып, көктайғақ болуы ықтимал. 

«Көлік жүргізушілерін жылдамдықты төмендетіп, автомобиль арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және жылдам маневр жасамауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілерге тротуарда сақ болып, аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауға кеңес береміз»,-делінген хабарламада.