Швецияда ел тарихында алғаш рет әйел премьер-министр сайланды

Швецияда ел тарихында алғаш рет әйел премьер-министр сайланды
inform.kz

Магдалена Андерссон Швеция тарихындағы бірінші әйел премьер-министр атанды. Швеция бұл оқиғаға дейін Скандинавия елдерінің ішінде ұлт көшбасшысы ретінде әйелді сайлап көрмеген жалғыз ел болатын, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

54 жастағы Магдалена Андерссонды бұл қызметке Швеция парламенті бекітті. Ол Стефан Левеннің орнына келді. Швед заңына сай, премьер-министр болу үшін парламент мүшелерінің басым бөлігі қарсы дауыс бермеуі керек.

Швецияның Социал-демократиялық жұмысшы партиясының көшбасшысы Магдалена Мандерссонды таңдауға 174 депутат дауыс берді. Бұл депутаттардың жартысынан аз. 117 депутат Мандерссонның кандидатурасын қолдап, тағы 57-сі дауыс беруден бас тартты. Осылайша, елдің жаңа премьер-министрі аз айырмашылықпен жеңіске жетті.

Сайлау қорытындысы белгілі болғаннан кейін Социал-демократиялық жұмысшы партиясының көшбасшысына Риксдаг қабырғасында құрмет көрсетілді. Андерссон мамандығы бойынша – экономист.

Ол Стокгольм экономика мектебін тәмамдап, 1992 жылы іскерлік әкімшілік және экономика саласындағы ғылым бакалавры дәрежесін алған. 1995 жылы ол оқуын Гардардта жалғастырды. Ол саяси мансабын 1996 жылы премьер-министр Йоран Перссонның саяси кеңесшісі ретінде бастаған.

2014 жылы Андерссон Швецияның қаржы министрі атанды. Оған дейін бұл лауазымда да әйелдер болмаған.