Тұмаудың алдын алудың тиімді жолы қандай - дәрігер кеңесі

Тұмаудың алдын алудың тиімді жолы қандай - дәрігер кеңесі
Сурет: Ашық дереккөзі

Бір ғана емханаға күніне 200-ге жуық науқас денсаулығына қатысты шағым айтып келеді.

Алматыда соңғы уақытта тұмау өршіп тұр. Мегаполистегі бір ғана емхананың өзіне күніне 200-ге жуық науқас денсаулығына қатысты шағым айтып келеді екен. Дәрігерлер мұндай жағдайда үйде емделмей, маман кеңесіне жүгіну керегін ескертеді.

«Алматы қаласы бойынша жедел респираторлы вирустық инфекцияның таралауына жеке және қоғамдық гигеналық талаптарды сақтамауынан болып отыр. Барлық адам екпені алу керек. Сол кезде таралу қауіпі аз болады», – деді қалалық №4 емхананың терапевт дәрігері Нұрсұлу Ортаева.  

Емханаға денсаулығына шағым айтып ересектермен бірге балалар да көп келеді.

«Қазір жедел респираторлы вирустық инфекциямен үлкендер де, балалар да ауырады. Яғни температура көтерілсе, ең алдымен, оқшаулануыңыз керек. Бұл вирустың алдын алуға мүмкіндік береді. Басқа адамдарға жұқтырмау үшін, түшкірген кезде ауызды орамалмен жабу керек», – деді қалалық №4 емхананың терапевт дәрігері Нұрсұлу Ортаева.