Қайрат Сатыбалдыұлы екі ай мерзімге қамалды

Қайрат Сатыбалдыұлы екі ай мерзімге қамалды
Сурет: Kaztag.kz

Сот сондай шешім шығарды.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлын қамауда ұстауға қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген таратылған мәліметте. 

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді. 

Естеріңізге сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.