Ірі мөлшерде есірткі сатқан күдікті ұсталды

Ірі мөлшерде есірткі сатқан күдікті ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Түркістан облысында ірі мөлшерде есірткі сатқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер Сауран ауданының 44 жастағы тұрғынын ірі көлемде есірткі сатты деген күдікпен ұстады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстап, одан шамамен 70 грамм марихуана тәркіледі. Сонымен қатар полиция ер адамның үйін тінту кезінде құрамында есірткісі бар өсімдіктің тұқымы салынған 2 сіріңке қорабы, есірткіні қолдануға арналған құрал мен басқа да заттай дәлелдерді тапты.

Қазіргі уақытта есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдікті қамауға алынды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.