Бар ақшаны Бекболат Тілеухан алып кеткен

Бар ақшаны Бекболат Тілеухан алып кеткен
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Бірақ одан жауап алынған жоқ.

6 жылға сотталған Kausar Travel директоры Медет Мұратбайұлы күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ОTYRAR порталына сілтеме жасап.

Осы жанжал басталған қаңтар айында бұл туралы хабарлағанбыз.

Мекке мен Мединаға барғысы келген қажылардың әрқайсысы туристік фирмаға кем дегенде мың доллардан берген.

Қажылыққа барғысы келгендерді сергелдеңге салған Kausar Trevel турфирмасының директорына Шымкент соты үкім шығарды. Оған жүздеген қазақстандықты алдады деген айып тағылды.

Мекке мен Мединаға барғысы келгендердің кейбіреулері Қазақстаннан ұшып кете алмаған, ал кейбірі шет елге барып алып, баспанасыз, ақшасыз, аш қалған. Сот процесі басталмай тұрып, күдіктілер журналистерге сұхбат беріп, мәселені түсіндірмек болған.

"Мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Шымкент полиция департаментіне арыз жаздым. Іс бойынша Бекболат Тілеуханов та сотқа келуге болған. Ол алданған адамдардың барлық ақшасын алып кетті, бірақ қандай да бір себептермен ол іс бойынша одан жауап алынбады", - деді сотталушы сот процесі басталғанға дейін.

Сотта 300-ге жуық қажы куә ретінде тартылды. Зардап шеккендер алданғандардың одан да көп болуы мүмкін екенін айтты. Сот жарыссөзінде прокурор айыпталушыны 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді", - деді судья Айнель Орақбаева.

Турфирма директоры өз кінәсін мойындамады және өкінбеді.