Ауданның үш қоғамдық объектісі абаттандырылады

Ауданның үш қоғамдық объектісі абаттандырылады
Сурет: Top Photo Spots

Биылғы І жартыжылдықта бұл жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.

Тұрғындардың жайлы өмірі үшін қоғамдық кеңістіктің үш объектісін абаттандыру жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жаңа жобалар - әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі ұзындығы 7,1 км Үлкен Алматы өзенінің жағалауы, бұрынғы Резиденция орнындағы парк және Тұңғыш Президент саябағын реконструкциялау.

Осы жылдың І жартыжылдығында бұл жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын биыл III тоқсанда бастап, 2024 жылдың III тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Өткен жылы Бостандық ауданында 16 учаскеде тұрақты су басатын орындар болған. Төтенше жағдай желісі бойынша бұл мәселені жедел шешу үшін 2022 жылғы желтоқсанда су басуға неғұрлым бейім 6 учаскеде жұмыстар басталды.

Бүгінгі күні 913 м арық желісін реконструкциялау және салу есебінен 5 учаске жойылды. Биыл наурыз айының соңына дейін Тимирязев пен Айманов көшелерінің қиылысындағы тағы 1 учаскені жоямыз. Қалған 10 учаске 2023 жылдың соңына дейін жойылады.