Теңгенің қорғаныш қасиеттері

Жалған банкноттарды оңай анықтау жолдары

Ұлттық валюта – теңге банкноттарының түпнұсқалығын тез және тиімді анықтау мәселелері бойынша жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында ҚР Ұлттық Банкі теңгенің қорғаныш элементтері туралы оқыту анимациялық бейнероликтерін дайындады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бейнеролик форматтары оларды әртүрлі СММ-көздер (әлеуметтік желілер, сыртқы жарнама, теледидар, қалалық ортаның қоғамдық орындарындағы LED-экрандар (оның ішінде қоғамдық көлікте, интернет-алаңдар) арқылы жылжытуға мүмкіндік береді. Бейнероликтің негізгі нұсқасының уақыты - 2 мин.30 сек., әрбір жеке банкнот бойынша қысқартылған-15 сек.

Бұл бейнероликтер мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде Ұлттық Банктің ресми сайтында "Баспасөз орталығы және зерттеулер"> "Медиа" бөлімінде орналастырылған, сондай-ақ Ұлттық Банктің YouTube арнасында орналастырылған