Алматының апорты Қазақстан бренді ретінде тіркелді

Алматының апорты Қазақстан бренді ретінде тіркелді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Алматының апорты Қазақстан бренді ретінде тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Апорт жөнінде Қазақстанға географиялық көрсеткішті тіркегенімізді қуанышпен хабарлаймын. Оның Алматыда, Қазақстанда шыққанын географиялық тұрғыда көрсеттік. Бұл жұмыс 2023 жылдың 13 қазанында жүрді. Қазір апортты халықаралық бренд ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол үшін тиісті қауымдастық Франция, Польша секілді дамыған елдерге жергілікті алмаларды экспорттау үшін материалдарды жеткізуде», - деді Әділет министрі Үкімет кулуарында.

Бұған дейін Президент Алматының апортын ұлттық бренд ету керек екенін айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, апорттың брендке айнауы мүмкін екенін бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.