18 көшедегі жолдың орташа жөндеуі аяқталды

18 көшедегі жолдың орташа жөндеуі аяқталды
Сурет: Kapital.kz

Ауданның көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін ұзындығы 10,3 км болатын 18 көшеге орташа жөндеу жасалды. 

Қазан айының соңына дейін ауданның 80 көшесіндегі ағымдағы жөндеу аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы жылдың желтоқсан айында Құлжа күре жолы - Бұқтырма көшесіндегі көлік жолайрығының құрылысы аяқталады.

«Сондай-ақ, осы жылдың желтоқсан айында Б. Хмельницкий көшесін "Қайрат" шағынауданынан Құлжа күрежолына дейін ұзартуды жобалауды бастау үшін біз тендер процедураларын өткізіп жатырмыз», - деді бүгін Түрксіб ауданының халқымен кездескен мегаполис басшысы Ерболат Досаев.