Партияның Жарғысына өзгерістер енгізу керек - Асхат Оралов

Партияның Жарғысына өзгерістер енгізу керек - Асхат Оралов
almaty-akshamy.kz

Партияның Жарғысына өзгерістер енгізу керек. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі таңдағы өзгерістерге сай, партияның басты бағдарламалық құжаттарын қайта қарау қажет деп ойлаймыз. Ең әуелі партияның Жарғысына өзгерістер енгізу керек. Партияның және оның филиалдары төрағасының бірінші орынбасары қызметінің орнына атқарушы хатшы қызметі енгізіледі. Партияның стратегиялық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу де өте маңызды», - деді А. Оралов.

Оның айтуынша, қазіргі күні арнайы жұмыс тобы Nur Otan партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» және 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламаларын қайта қарауға кірісті.