Биыл Қазақстан аты аңызға айналған Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын атап өтуде

Биыл Қазақстан аты аңызға айналған Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойын атап өтуде
Сурет: Qazaqtv.com

Аты аңызға айналған әншінің 100 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде атап өтіледі

ХХ ғасырдың көрнекті опера және эстрада әншісі ұлттық өнердің дамуына елеулі үлес қосты. Жақында елордада КСРО және Қазақстан халық әртісінің эксклюзивті мүсіні таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«100% ұқсастық деп айтсам болады. Мүсінді алғаш көргенде таңырқап қалдым. Жұбайым мен балаларым көздеріне жас алды. Біз мұнда анамыздың әшекейлерін, орамалдары мен сырғаларын қостық. Ол кісі маған, ең біріншіден, ана болды. Жас кезімде оның қаншалықты үлкен тұлға екенін жете түсінбедім, тек жасым ұлғая келе, анамның ұлылығына көзім жетті», - дейді Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов. 

Айта кетейік, былтыр ЮНЕСКО 2022-2023 жылдарға арналған естелік даталардың тізімін бекітті. Оған қазақтың бұлбұлы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы енді. Атаулы датаға орай елімізде мерекелік шаралар легі басталады. Атап айтқанда, Роза Бағланова атындағы халықаралық әншілер байқауы еліміздің бас қаласында өтпек. Қызылорда, Алматы, Мәскеуде концерттер жоспарланған. Атақты әншінің мерейтойы Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде де атап өтіледі.