Елімізде бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүруде

Елімізде бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүруде
Сурет: Baraev.kz

Үкімет басшысы заманауи суару технологияларын енгізу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Оның айтуынша, бұл су шығынын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы  Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Еліміздің құбылмалы климатына бейімделген жергілікті сорттарды өсіруге ерекше көңіл бөлу керек. Бидайдың жаңа сорттарын өсіру жұмыстары нашар жүруде. Аграрлық ғылыми жүйені түбегейлі қайта қарау қажет», — деді ол.

Премьер-Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту мәселесі де өзекті, өйткені әбден тозығы жеткен техника егіс жұмыстарының сапасына да әсер етеді.

Осыған байланысты Әлихан Смайылов Агроөнеркәсіп кешеннің, оның ішінде дәнді дақылдардың отандық селекциясының ғылыми әлеуетін дамыту жөнінде нақты ұсыныстар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша қосымша ынталандыру шараларын әзірлеуді тапсырды.