Сомалиде су тасқынынан 10 адам қаза тапты

Сомалиде су тасқынынан 10 адам қаза тапты
Сурет: ашық дереккөз

113 мыңнан астам тұрғын үй-жайын тастап бас сауғалап кеткен.

Толассыз жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, су тасыды. Сомали билігі елде қауіптің жоғары деңгейін жариялады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.  Өңірдегі мемлекеттік мекемелер, мектептер мен ауруханалар жабылды. Өткен жылы елде қатты құрғақшылық болып, 43 мың адам қайтыс болған еді. Бұл табиғи апатты мамандар жаһандық жылынуымен байланыстырады.