Жер сілкінісі 7 балдан жоғары болса, қауіпті саналады

Жер сілкінісі 7 балдан жоғары болса, қауіпті саналады
Сурет: Astanatv.kz

Бұл туралы ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұл мәселеге қатысты қазірдің өзінде сейсмологтар әзірлеген халықаралық шкала бар - МСК-64 шкаласы. Осы шкала бойынша ғимараттар мен құрылыстардың айтарлықтай 7 балдан басталады. Сондықтан Алматы қаласы үшін жердің жағдайын ескере отырып, 7 баллдан жоғары жер дүмпуін қауіпті және жойқын деп санауға болады», - деді Нұрсәрсен Өзбеков Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингіде.

Сейсмологтың сөзінше, 7 баллға дейінгі жер сілкінісі қала үшін қауіпті емес.

«2-3 бал жер сілкінісі сезіледі. 4-5 балл - ғимарат сылақтарын түсіріп, зақымдайды. Бұл қауіпті емес. 7 балдан бастап шара қолдану керек, барлық ғимаратты жер асты дүмпуі әсеріне қарай есептеп, дайындау керек», - деді маман.