Қазақ мемлекеттік циркі халықаралық көрмеге қатысты

Қазақ мемлекеттік циркі халықаралық көрмеге қатысты
Сурет: ашық дереккөз

Қазақ мемлекеттік циркінің тарихы Мажарстан жұртшылығына таныстырылды.

15-ші Будапешт цирк фестивалі аясында өткен мұражай көрмесіне әлемнің 12 мемлекеті қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап. Әр ел өз циркінің экспонаттарын көпшілікке паш етті. Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы шетелдіктердің назарына отандық цирк өнерінің тарихынан сыр шертетін суреттер, әртістердің костюмдері мен ұлттық жәдігерлерді ұсынды. Шара барысында 12 мемлекеттің цирк басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Наргиз Тамабекқызы, қазақ мемлекеттік циркі мұражайының жетекшісі:

Алғаш рет ұйымдастырылған осындай көрмеге біздің қатысып, Еуропада 100 жыл, 200 жылдан асқан цирктардың тарихын көрсетіп отырса, біз де 50 жылдық тарихымызды көрсетуге мүмкіндік алып отырмыз.

Петер Фекете, Будапешттің үлкен циркінің директоры:

Мажар мен қазақ ұлттары достық, туыстық қарым-қатынаста. Мәдениеттері бір-біріне ұқсас. Көрмеде қазақ циркінің жауһарларын көргенімізге қуаныштымыз.