Гренландиялық кәсіпкер БАӘ-не мұз сата бастады

Гренландиялық кәсіпкер БАӘ-не мұз сата бастады
Сурет: Ren.tv

Жаһандық жылыну салдарынан арктикалық мұздар жылдам қарқынмен еріп жатыр.

Бүкіл әлемге қауіп төндірген бұл проблеманың айтылып жатқанына да біраз болды. Соған қарамастан, гренландиялық кәсіпкерге мұзды Біріккен Араб Әмірліктеріне сату идеясы келген. БАӘ-де мұз қымбат коктейль жасауға пайдаланылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Малик Валь Расмуссеннің «Арктикалық мұз» компаниясы 2022 жылы құрылды, бірақ жақында ғана БАӘ-ге алғашқы мұз блоктары жеткізілді. Мұз Гренландия cілемдерінен алынады, содан кейін Дубайдағы эксклюзивті барларға сатылады. Гренландияда мұздықтардың мұзы сусындарда жиі кездеседі, бірақ ол осы уақытқа дейін ешқашан экспортталмаған.

Расмуссен өз өнімінің қасиетін жоғары бағалайды. Мұз мыңдаған жылдар бойы қысылып келеді, ауа көпіршіктері жоқ және кәдімгі мұз текшелеріне қарағанда баяу ериді. Кәсіпкер өз өнімін «Жердегі ең таза су» ретінде ұсынады, өйткені мұз адам әрекеті нәтижесінде ешқашан ластанбаған.

Гренландияның өзінде мұздық мұзы қалыпты құбылыс болғанымен оны ешқашан ешқайда экспорттамаған еді. Осылайша араб елі мұндай айрықша тауарды импорттаған алғашқы ел атанып отыр.