Шәуешекте әр ұлттан құралған бастауыш сынып оқушылары домбырамен «Ерке сылқымды» орындады

Шәуешекте әр ұлттан құралған бастауыш сынып оқушылары  домбырамен «Ерке сылқымды» орындады
Cурет: Inform.kz

Қытайдың Шәуешек қаласындағы әр ұлттан құралған бастауыш мектептің оқушылары Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады.

Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне орай ұйымдастырылған топтық күй басталардан бұрын балалар өз аты-жөндерін және қай ұлттың өкілі екенін айтқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Шын Шуо, Уан Сы Цун, Тун Линлин, Ян Шини қатарлы балалар өздерінің ханзу (қытай) екенін айтса, Мина есімді қыз дүнген ұлтының өкілімін деп таныстырады. Ал тағы бір бала өзін орыспын десе, енді бір жасөспірім өзінің қырғыз екенін айтады.

«Біз Шәуешек қаласы 5-бастауыш мектеп оқушыларымыз. Балалар мерекесі құтты болсын!» - деп бастайды күйлерін әр ұлт өкілдерінен құралған күйші жеткіншектер.