Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Беларусь - Қазақстан кездеседі

Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Беларусь - Қазақстан кездеседі
Сурет: Аltyn-orda.kz

Жерлестерге сәттілік!

Бүгін, 16 желтоқсанда, Қазақстан жастар құрамасы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 2022 жылғы әлем чемпионатында Беларусь құрамасына қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz

Турнир кестесінде Беларусь көш бастап тұр. Норвегия, Латвия және Қазақстанда 6 ұпайдан бар. Дания мен Венгрияда - 0 ұпай. Қазақстан құрамасының элиталық дивизионға шығуы алдағы матчтың нәтижесіне байланысты болады.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Венгрияны (3:1) және Данияны (4:1) жеңіп, Норвегиядан (2:5) жеңілген болатын.

Беларусь - Қазақстан матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да басталады.