Алматыда су басудың алдын алу шаралары жүргізілуде

Алматыда су басудың алдын алу шаралары жүргізілуде
Inform.kz

Коммуналдық қызметтердің жұмысы бойынша шұғыл мәлімет 

2022 жылдың 18 наурызында сағат 04:30-дан бастап Алматы қаласында жаңбыр жауа бастады. Су басудың алдын алу және оны болдырмау мақсатында түнде мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі ұйымдастырылды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Суды кедергісіз өткізу және сорып шығаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін жалпы саны 650 адамнан тұратын мобильді бригадалар, 266 арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды. 2000 қап құм дайындалды

«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 18 наурыз бен 20 наурыз аралығында қатты жаңбыр жауады, Ауа температурасы 3-тен 5 градус аралығында болады.