Қазақстанның «Мұқағали» фильмі халықаралық фестивальға қатысады

Қазақстанның «Мұқағали» фильмі халықаралық фестивальға қатысады
Сурет: Inform.kz

Фестиваль 7-11 қыркүйек күндері Қазан қаласында өтеді.

Белгілі режиссер Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» фильмі 7-11 қыркүйек аралығында Қазан қаласында өтетін XVIII Халықаралық мұсылман киносы кинофестивалінің негізгі байқауына қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еgemen.kz сілтеме жасап. 

Татарстанда өтетін Қазан кинофестивалінің іріктеу комиссиясы төрағасы Нина Кочеляеваның айтуынша, биыл байқауға қатысуға бірнеше мемлекеттен өтінім келіп түскен.

Нәтижесінде негізгі толықметражды фильмдер байқауына 10 фильм іріктеліп алынды, оның ішінде Түркия, Қазақстан, Үндістан, Иран, Бангладеш, Ресей, Мысыр, Шри-Ланка мемлекеттерінің туындылары, сондай-ақ екі ел бірлесіп түсірілген 2 туынды бар. Жалпы, биыл 44 елден 625 өтінім түскен.

Сонымен қатар, Қазан кинофестивалі шеңберіне екінші рет кино нарық ұйымдастырылып, дарынды киногерлерге өздерінің жобаларын іске асыруға мүмкіндік беретін халықаралық питчинг (сценарийлер байқауы) өткізіледі.