Әлемде Қытай валютасына деген сұраныс артты

Әлемде Қытай валютасына деген сұраныс артты
Сурет: Banki.ru

Жалпы Қытай юаніндағы айналым нарықтың 4%-ін құрайды.

"Bank for International Settlements" (Халықаралық есеп айырысу банкі) қазан айының соңында   шетелдік валюталардың биржадан тыс айналымына қатысты үш жылдық шолу есебін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.

Оған сәйкес, биылғы сәуір айында бүкіл әлем бойынша валюта саудасының орташа көлемі 7,5 трлн долларға жеткен. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен (6,6 трлн доллар) 14%-ке жоғары.

Әлем бойынша жиі саудаланатын валюталар бестігі мынадай: бірінші орында айналымы 6,6 трлн доллар -АҚШ доллары, екінші орында айналымы 2,3 трлн долларды құрайтын -еуро, үшінші орында жапон иені тұр, оның айналымы 1,2 трлн доллар, төртінші орында 968 млрд доллар көлеммен айналымда жүретін фунст-стерлинг, бесінші орында қытай юані.  Оның әлемдік айналымы 526 млрд долларды құрайды.

Жалпы Қытай юаніндағы айналым нарықтың 4%-ін құрайды.  Банктің 2019 жылғы есебінде ол сегізінші орынға тұрақтаған еді.

Ал, әлем бойынша АҚШ доллары жетекші валюта болып қала береді, оның нарықтағы үлесі  - 88%. Еуроның нарықтағы үлесі 30,5%, алайда 2019 жылғы есепте бұл көрсеткіш 32% болатын.