Жас спортшылар жүлделі орындарға ие болды

Жас спортшылар жүлделі орындарға ие болды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Аяла әлеуметтік қызметтер орталығы» мүмкіндігі шектеулі балалар үстел теннисінен турнирде жеңіске жетті

Үстел теннисінен «Спешиал Олимпикс» қалалық турнирінде «Аяла әлеуметтік қызметтер орталығының» мүмкіндігі шектеулі жас спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Олардың ішінде: Самохвалов Моисей, Кисамедин Дана және Толстухин Захар.

Бұл орталық Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ведомствосында орналасқан, күндізгі және үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Қызмет көрсетілген 240 адамның ішінде мүгедектігі бар балалар (психоневрологиялық патологиялар және тірек-қимыл аппаратының 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі бұзылыстары), сонымен қатар, психоневрологиялық аурулары бар кәмелетке толған азаматтар бар. Оларды спортқа тарту, әлеуметтенуге және қоғамға бейімдеуге көмектесу және осындай жарыстар өткізіледі. Бұл «Аяла әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен ақыл-есі кем адамдарға арналған спорт ұйымы – «Спешиал Олимпикс Қазақстан» ҚБ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум негізінде қолға алынған.

«Спешиал Олимпикс» турниріне 6 команда қатысты. «Аяла» орталығының командасынан басқа, зияткерлік даму кемістігі бар балаларға арналған №7 түзету мектеп-интернатының 3 командасы және «Алатау» орталығы мен «Сенім» орталығының командалары болды. Қатысушылардың жасы 14 пен 35 жас аралығы.

Орталық директоры Нұрғайым Дүйсенбаеваның айтуынша, спорт-денсаулықты нығайту, дененің физикалық жағдайын жақсарту, сонымен қатар көптеген қызмет алушылардың психикалық денсаулығын жақсарту.

«Жарысқа қатысу мазасыздықтың азаюына оң әсер етеді, сонымен қатар қалыпты тұрақты жаттығулар концентрацияны жақсартады. Қан айналымының жақсаруы мидың жұмысына жақсы әсер етеді. Командалық ойындарға қатысу арқылы бала күнделікті өмірде маңызды, сонымен қатар денсаулық пен психологиялық жағдайға жағымды әсер ететін дағдыларға ие болады. Спорт кезінде балаларда бұлшықеттер күшейіп, буындар мен сіңірлер қатаяды. Мұндай жарыстар балаларға эмпатия қабілетін дамытуға, қарсыластарына құрметпен қарауға көмектеседі. Балалар командада жұмыс істеуді, табанды және жігерлі болуды үйренеді. Жарыстардағы қойылымдар зейінді арттырып, қобалжуды жеңуге көмектеседі. Шын мәнінде, физикалық белсенділік когнитивті өнімділікті жақсартады, көптеген аурудың қаупін азайтады, ұйқы мен көңіл-күйді жақсартады және өзін-өзі бағалауды арттырады», - деді ол.

Орталық тәрбиеленушілері жүзу, боулинг жарыстарына республика бойынша түрлі қалаларға бірнеше рет барғанын атап өтті. Мысалы, жазда Ақтөбе қаласына жүзуден жарысқа, сондай-ақ Шымкентке боулингтен жарысқа барып, екі рет жүлделі орындарға ие болды.

«Жақында олар Республика күніне арналған Алматы қаласы спорт басқармасының «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған» Алматы спорт клубының жүзу бойынша қалалық турниріне қатысты. Сондай-ақ, бадминтоннан қалалық турнирлерге және senicup шағын футболдан халықаралық турнирге бірнеше рет қатысты»,-деді Нұрғайым Дүйсенбаева.

2011 жылдан бері орталыққа келген жарысқа қатысушылардың бірі Андрей Снегиревтің айтуынша, кез келген әрекет сенімділік пен батылдық береді.

 «Егер әркім дене шынықтырумен айналысса, қандай да бір спортпен шұғылданса, онда бәріміз жетістікке жетеміз. Егер сіз өзіңізді спортта тапсаңыз, жарыстарға қатыссаңыз, онда өмірде бәрі оңайырақ болады. Бірақ нәтиже туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Мен үшін ең бастысы – қатысу», - деді ол.

Айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі балаларды спорттық өмірге көбірек баулу үшін бүгінгі таңда «Аяла әлеуметтік қызметтер орталығы» «спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжімен» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оның базасында орталықтың балалары мұз айдыны мен футбол алаңына барады, онда апта сайын 2 сағат жаттығады.