Энергетикалық сусын «түбіне жетті»

Энергетикалық сусын «түбіне жетті»
Сурет: 360tv.ru

Энергетикалық сусын - қауіпті.

39 жастағы Дмитрий қайтыс болғаны туралы хабарлама Мәскеу полициясына екі күн бұрын түскен. Тәртіп сақшылары оқиға орнына барғанда, зорлық белгілері жоқ мәйітті тапқан, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Марқұмның анасы жедел қызметкерлерге Дмитрий қайтыс болғанға дейін 15 энергетикалық сусын ішкенін айтқан. Осыдан кейін ер адамның қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлаған.

Ресейліктің өлімінің нақты себептері сараптамадан кейін белгілі болады.