77 жастағы әже ағылшын тілін үйреніп жүр

77 жастағы әже ағылшын тілін үйреніп жүр
Сурет: видеодан алынды

77 жастағы Гүлжахан Жамбылова университетке барып, ағылшын тілін үйреніп жүр, - деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Өмір бойы ұстаздық еткен зейнеткер қазақ, орыс тілдерінен бөлек, неміс және француз тілдерін біледі. Ағылшын тілін үйреніп, немерелерімен әлем аралағысы келетін әже цифрлық сауаттылық бойынша курс аяқтап үлгерген.

"Қайнаған өмірдің ішінде болу үшін осы курстарға жазылдым. Немерелеріммен қарым-қатынасты сақтау үшін, кәрілікке бой алдырмау үшін ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Еуропаға, Америкаға барып, өзге адамдармен сөйлескім келеді", - дейді полиглот әже. 

Желі қолданушылары бірнеше тіл білетін әжеге сүйсініп, пікір қалдырған. 

"Әдемі қартайған әже екен", "Зор денсаулық сізге, арманызга жетіп қыдырып келіңіз", "Апа дами беріңіз, шет ел аралап ел көріңіз", - деп жазған олар.