Халықаралық іздеудегі қазақстандық қолға түсті

Халықаралық іздеудегі қазақстандық қолға түсті
Сурет: интернеттен

Ол елге әкелініп, қамауға алынды.

52 жастағы күдіктіге есірткі қылмысы үшін іздеу жарияланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Есірткіні ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз өсіргені және сақтағаны үшін іздеуде жүрген күдіктіні ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрауы бойынша Түркия аумағында ұстаған.

Оған қатысты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздестіру жариялаған болатын.

Күдікті жалпы салмағы 18 келі болатын марихуананың 96 бұтасын өсіргені, сондай-ақ оларды Орал қаласының аумағында одан әрі өткізу мақсатында сақтағаны үшін іздестірілді.

Түркия билігі құқық бұзушыны Астанаға жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. Ол елге жеткізіліп, қамауға алынды.