Киіктің киесінен қорықпайтындар көбейді....

Киіктің киесінен қорықпайтындар көбейді....

Павлодар облысының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды

Мүйіздерді облыстық ПД-ның ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Polisia.kz мәліметіне сай, ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады», - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.