Коронавирус: 9 өңір «жасыл» аймақта

Коронавирус: 9 өңір «жасыл» аймақта
Cурет: Inform.kz

Алматы қаласы «сары» аймақта тұр

6 қарашадағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары енді.