Коронавирус пен пневмониядан тағы 27 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан тағы 27 адам қайтыс болды
Cурет: Egemen.kz

176 адам емделіп шықты

Елімізде коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 27 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

4 қарашадағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 116 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді, 176 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 80184, қайтыс болды – 5065, жазылып шықты – 69692 адам.

Сондай-ақ министрлік дерегі бойынша 2020 жылдың 13 наурызынан биылғы 5 қарашаға дейін елімізде коронавирус инфекциясы 947 250 адамнан анықталды, жазылып шықты - 899 028, қайтыс болды – 12 225.

4 қараша күні көз жұмғандар саны – 21.