Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты шешім қабылдады

Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты шешім қабылдады
Cурет: REUTERS / Las Vegas Sun/Steve Marcus

Бұл ақпаратты промоутер Эдди Хирн растады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) қыркүйек айында үшінші жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sputnik сайтына сілтеме жасап.

ESPN телеарнасының инсайдері Майк Коппинджердің ақпараты бойынша Головкин келісімге қол қойып, мәміленің өзіне қатысты бөлігін жапқан. Бұл ақпаратты промоутер Эдди Хирн растады.

Қыркүйекте «Канеломен»  кездесу үшін Головкин алдымен сәуірде жапондық боксшы Риота Муратаны (16-2, 13 КО) жеңуі керек. Олар орта салмақтағы әлем чемпионының үш титулы үшін жұдырықтасады - IBF, IBO және WBA Super.