Еліміздің құтқарушылары Түркиядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесуде

Еліміздің құтқарушылары Түркиядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесуде
Сурет: Іnform.kz

Орман өртінің бетін қайтару - көпті аман сақтаумен тең.

Қазақстанның екі тікұшағы Түркияның оңтүстік-батысындағы орман өрттерін сөндіруге атсалысып жатыр. Кәсіби дайындалған экипаж әуе кемесімен 10 сағаттан астам уақыт бойы су шашты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен Түркияға арнайы жарақталған екі тікұшақ және 16 құтқарушы жіберілген болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің тобы аймақтағы өрт сөнгенше жұмысын жалғастырады.

ҚР ТЖМ Авариялық құтқару қызметтердің күштері мен құралдары басқармасының бастығы Әсет Жылқайдаровтың пікірінше, біздің құтқарушылар бар күш-жігерін салуда.

«12 тамызда ҚР ТЖМ жиынтық құрамымен Түркия елінің Даламан провинциясында өрт сөндіру жұмыстары басталды. «Казавиа» АҚ тікұшақтарымен 45 цикл су шашу басталды. Бұл 180 тонна деген сөз. Өрт сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда», - деді ол.