Қазақ елінің сыртқы тауар айналымы қарқынды өсуде

Қазақ елінің сыртқы тауар айналымы қарқынды өсуде
Сурет: Мinval.az

Сауда-саттық жандануда.

Еліміздің сыртқы тауар айналымы артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Биылғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда, Қазақстанның сыртқы сауда-саттық көлемі айтарлықтай өскен. Бұл жөнінде Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова мәлім етті. Оның дерегінше, соңғы бес айдың ішінде ғана еліміздің сыртқы тауар айналымы әлемдік экономиканың нашарлауына қарамастан 36,5 млрд долларға жеткен.

Бұл орайда өсімді қамтамасыз етуде шикізаттық емес тауарлар экспортының үлесі басым.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, шетелдерге отандық өнімді жеткізу көлемі  23% ұлғайып, 7 млрд 200 млн долларды құраған.