Оқу-жаттығу барысында әскери қызметші қаза болды

Оқу-жаттығу барысында әскери қызметші қаза болды
Сурет: Рikist.com

Оқыс оқиға 14 қыркүйекте Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуын орындау кезінде болған.

Қаза тапқан Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, капитан шенді, 1990 жылы дүниеге келген офицер, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік өкілінің айтуынша, қазақ тапқан офицер бұдан бұрын 50 рет парашютпен секірген. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда. Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің отбасына көмек көрсетеді», -деді министрліктің өкілі.