Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады
Сурет: Olympic.kz

Иорданияда осы күндері әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Olympic.kz Қазақстан құрамасының құрлықтық біріншіліктегі кезекті кездесуінің нәтижесін ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапониямен кездесті. Екеуара кездесу 38:24 (18:16, 20: 8) есебімен Жапония командасының еншісіне шешілді.

Нәтижесінде Қазақстан құрамасы құрлықтық чемпионаттың қола жүлдесін сарапқа салатын болады.