Президенттің саяси лауазымда отырған туыстары қызметінен кетеді

Президенттің саяси лауазымда отырған туыстары қызметінен кетеді
Сурет: Tengrinews.kz

Конституцияға Президенттің жақын туыстарына саяси лауазымдарға орналасуына тыйым енгізіледі.

ҚР Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, заң күшіне енгеннен кейін, Президенттің туыстары лауазымдарын босатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Министрлер мен олардың орынбасарлары жайында айтқанымда, кейбір лауазымдарды ғана атап өткен едім. Жалпы, Конституцияға Президенттің жақын туыстарына саяси лауазымдарға орналасуына тыйым енгізіледі. Саяси лауазымдардың тізімі барынша кең. Оған белгілі бір дәрежедегі дипломатиялық қызметкерлер де кіреді. Оларды толық тізіп шыққан жоқпын. Саяси лауазымдардың тізімі ашық, қолжетімді. Сондықтан кез келген адам қарап, қорытынды шығара алады», - деді министр.

Осы ретте Қанат Мусин БАҚ өкілдерінің Президенттің жақын бір туысының шет мемлекетте Елші қызметін атқарып жүргеніне қатысты сауалына жауап берді.

«Мұндай тыйым енгізілгеннен кейін, барлығы заңнамаға сәйкес келтіріледі. Ол бұл лауазымды босатады. Өйткені, заңға сәйкес, ол бұл қызметті атқара алмайды», - деді ол.