Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте Хулио Аламосқа қарсы жекпе-жекке шығады

Мейірім Нұрсұлтанов  Ташкентте Хулио Аламосқа қарсы жекпе-жекке шығады
Сурет: instagram.com/meiirim.nursultanov

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Өзбекстанның Ташкент қаласында Чили елінің былғары қолғап шебері Хулио Аламосқа қарсы жекпе-жекке шығады.

Кеше олар салмақ өлшеп, айқасқа дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Рәсімде Мейірім Нұрсұлтановтың салмағы орта салмақ санатының лимитінен аспай, таразы 72,5 келіні көрсетті. Оның қарсыласының салмағы 72,3 келі болды. Осы жеде қазақ боксшысын қолдауға Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшысы Баходир Жалолов барды.

Жалолов 2020 жылы Токиода өткен Олимпиядалық ойындардың чемпионы атанған. 2017, 2019, 2021 жылдары Азия чемпионы болған. 2019, 2023 жылдары әлем чемпионы болып, 2022 жылы Азия ойындарын жеңіп алған. Ол да бүгін шаршы алаңға шығып, оңтүстікафрикалық Крис Томпсонмен жұдырықтасады. 

Осыдан бірнеше уақыт бұрын Жалолов 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін қайтып кәсіпқой боксқа ауысатынын айып, Олимпиада чемпионы атанғаннан кейін Александр Усик, Тайсон Фьюри, Энтони Джошуа секілді кәсіпқой бокстағы әлем чемпиондарымен қолғап түйсіргісі келетінін мәлімдеген еді.

Боксшылар салмақ өлшегеннен кейін дәстүрлі түрде көз арбасу рәсімін де өткізді.

Жекпе-жек бүгін Ташкентте болады. Статусы – WBC желісі бойынша іріктеу кездесу.

Мейірім Нұрсұлтанов – Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) тұжырымы бойынша биылғы орта салмақтағы үздік боксшы.