«Месси ақылынан адасты»: Месси матч кезінде төбелесіп қалды

«Месси ақылынан адасты»: Месси матч кезінде төбелесіп қалды
Сурет: видеодан алынды

Аргентина құрамасының супержұлдызы Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойыны кезінде уругвайлық ойыншылармен жанжалдасып қалды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қазіргі әлем чемпиондары 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Уругвай құрамасынан күтпеген жеңіліске ұшырады (0:2), ал команда капитаны Месси ойын кезінде төбелеске ұласты.

«20-минутта Уругвай ұлттық құрамасының қорғаушысы Матиас Оливера мен Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Родриго Де Пол арасында қызу дау туындады. Алғашында бұл жай ғана ауызша ұрыс болғанымен, кейін оқиғаға Аргентина құрамасының капитаны Месси қосылып, физикалық әрекетке кірісті. Месси алдымен Оливерді шынтағымен кеудесінен ұрды, содан кейін сол қолымен уругвайлықтың мойнынан ұстады», - деп жазды si.com.

Бұл әрекеті үшін Месси төрешілерден ескерту алмай, матчты толықтай алаңда өткізді. Эпизод көрсетіліп, жанкүйерлер жұлдызды шабуылшының әрекетіне таңданыстарын білдірді. Әлеуметтік желілерде «Месси ақылынан адасты», «Капитаннан бұны күткен жоқпыз», «Месси ашулы, гол соғатын кез келді» деп айқайлайды.