Жылына екі мыңға жуық көлік отқа оранады

Жылына екі мыңға жуық көлік отқа оранады
Сурет: 24.kz

Жыл сайын орташа есеппен елімізде 2 мыңға жуық көлік  өртенеді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Тек 2023 жылдың 10 айында көліктерде  1 811 өрт орын алды.  2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны 14%-ға азайды (2022ж. - 2 118). Бұл өрттің негізгі үлесі жеңіл көлікте, бұл 1 392 жағдай немесе көліктегі өрттің жалпы санының 77%. Соңғы жылдарда бұл көрсеткіш көлік құралдарындағы өрттің жалпы санының 15-20%-ын иеленсе,  тұрғын үй секторы объектілерінен кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады», - делінген хабарламада.

Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері:

- автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;

- қолдан жасалған  газ жабдығын орнату;

- отын және электр жүйесінің істен шығуы; - қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту;

- қасақана өртеу.

Көлік құралдарында өрттердің туындауының алдын алу олардың туындау себептерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және қолында жарамды өрт сөндіргішті ұстауды ұсынамыз - дейді ТЖМ мамандары.