Жақсылық Үшкемпіров атындағы мешіт ашылады

Жақсылық Үшкемпіров атындағы мешіт ашылады
Сурет: интернеттен

24 қараша күні.

Грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Жақсылық Үшкемпіровтің атындағы мешіт ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Күрес федерациясына сілтеме жасап.

Мешіттің мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы, Дүйсеков көшесі 1.

1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысының Свердловск ауданындағы Дихан ауылында туған. 2020 жылы 2 тамызда қайтыс болған.

1971 жылы спорт шебері, 1975 жылы халықаралық спорт шебері, 1980 жылы еңбек сіңірген спорт шебері атағын алған. Осы жылы ол грек-рим күресінен жекелеген жарыста қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған.

1978-1979 жылдары екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы;

1981 жылы әлем чемпионы;

1982 жылы Әлем кубогының күміс жүлдегері болды.

Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын да иеленген.